Жәния Джуринская 1,5 айлық қызымен шетелге аттанды
Жәния Джуринская жақында ғана қырқынан шыққан сәбиін алып, шетелге аттанды. Актриса отбасымен Түркия еліне демалуға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл біздің алғашқы отбасылық саяхатымыз. Баламен жүргенде қанша багаж керек екенін көріп, шок болдық. Бірақ біз екі аптаға бара жатырмыз. Керектінің бәрін алдық деп ойлаймыз", – деп бөлісті Джуринская.
Актриса кішкентай сәбиіне бөлек шабадан алған. Одан бөлек, Жәния қызының жолды жақсы өткергенін айтты.
Оқырмандар жуырда ғана босанған Жәнияның бұл әрекетіне таңғалды.

Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда