Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде U13 жас санатында қола жүлде иеленген 11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль иеленді. Турнир барысында Жәния Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен сондай-ақ, испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

