Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының Астана өтетін жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандағы ең талантты боксшылардың бірі Жәнібек Әлімханұлы Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында өтетін бокс кешінде бразилиялық Кармелито де Жезуспен кездеседі.

8fec0248367640ff7937177b28fd6fa5_resize_w_1140_h_696

Талдықорғандық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңына осымен екінші рет шығайын деп отыр. Ал оның қарсыласы Жезус болса 23 кездесу өткізген. Кармелито оның 18-де жеңіске жетсе, (15 нокаут) 5 кездесуінде жеңіліп қалған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кармелито де Жезус өзінің соңғы кездесуін бос тұрған IBF Inter-Continental белбеуін үшін өткізіп, төрешілердің шешімімен италиялық Орландо Фьердиджилиодан жеңіліп қалған.

Жәнібек Әлімханұлы бокстан спорт шебері. Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Сонымен қатар Азия чемпионы деген атағы да бар. Кәсіпқой бокста ол бір кездесу өткізіп, колумбиялық Милтон Нуньестен үстем түскен.

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат “QAZAQ” Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Тағы да оқыңыз:

ШҚО-дағы оқиға: Анасы екі қызы мен өзін өлтірген болуы мүмкін

ОҚО-да баласы мен әкесі терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда

Еуропада тоналған қазақстандық бойжеткенге еліне қайтуға көмек берілді

Көлігін автотұраққа қоймақ болған әйел 7-қабаттан көлігімен қоса құлап кетті (видео)

Талқылау