Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерден уақытша шеттетілді
Жәнібек Әлімханұлына 2022 жылдың 13 қазанына дейін жекпе-жек өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 қарашада Лас-Вегаста британиялық Дензель Бентлимен (17-2-1, 14 КО) жұдырықтасып, чемпиондық белбеуін қорғаған еді.
Кездесу нәтижесінде Әлімханұлы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.
Жекпе-жектен соң Невада штатының Атлеттік комиссиясы боксшыларға денсаулықтарына байланысты бірнеше шектеу қойды, яғни жекпе-жек кезінде алған жарақаттарын емдемей жұдырықтаса алмайды. Оған сәйкес Әлімханұлы 13 желтоқсанда, Бентли 28 желтоқсанда рингке қайта орала алады. Бұл спортшылардың қайта қалпына келуіне арналған.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған

