Жәнібек Әлімханұлы танымал мексикалық боксшымен жұдырықтасады: Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі
Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасындағы жекпе-жекті белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vRINGE.com басылымына сілтеме жасап.

WBO президенті Франсиско Валкарсель қабылданған шешім туралы 20 қарашада ресми мәлімдеді. Дегенмен боксшылар арасындағы жекпе-жек жайлы бұған дейін де айтылып келген.
"WBO чемиондық комитеті қос тарапқа Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек жөнінде келіссөз бастауды міндеттейді. Келісімге келу үшін тараптарға 15 күн уақыт беріледі", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 13 қарашада Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін қорғап, британиялық Дензель Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген еді. Ал 20 қарашада Мунгия аргентиналық Гонсало Корионы нокаутпен жеңді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

