Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын мерзімінен бұрын сұлатып түсірді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде ол америкалық Роб Брантпен қолғап түйістірді. Қарсыласы – WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің экс-чемпионы. Бүгінгі жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді. Дегенмен, сегізінші раундтан кейін Роб Брант рингке шығудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, алтыншы раундта ол қарсыласын нокдаунға түсірді. Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіби бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Роб Брант үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татып отыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі