Бекшин Алматыда блок-бекеттерді қайта орнату туралы сұраққа жауап берді
Алматы қаласын қоршап, блок-бекеттер қою жоспарда жоқ. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қаржы орталықтары, банктер және ХҚКО жұмыстары тоқтамайды. Қаланың сыртында ешқандай бекет жоқ. Сондықтан қала тұрғындары және облыс тұрғындарына қалаға кіруге және шығуға ешқандай кедергі жоқ ", - деп мәлімдеді онлайн-брифингте Бекшин.
Айта кетейік, Алматыда демалыс күндері Медеу мен Шымбұлақ және жағалаулар жабылады. Сондай-ақ алдағы демалыста Бурабай, Қапшағай және Баянауыл туристер үшін жабық.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті