Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: Синоптиктер 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: freepik
Қазгидромет 10 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Олардың мәліметінше, бұл күні республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жауын жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктер мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді, Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік облыстарында шаңды дауыл соғады. Астана мен барлық 17 облыста дауылды ескерту жарияланады. Оның негізгі себептері – найзағай мен бұршақ. Ауа температурасының жоғары болуына байланысты көптеген аймақтарға өрт қаупі төніп тұр.
Астанада күндіз +21+23 °C, түнде +9+11 °C, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы: 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с.
Алматыда күндіз +23+25 °C, жауын-шашынсыз. Түнде +13+15 °C, таңертең жаңбыр, найзағай. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с, найзағай кезінде екпіні 15–20 м/с жетеді.
Шымкентте күндіз +27+29 °C, түнде +15+17 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы: 5–10 м/с.
Талқылау
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады