Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан аумағы бойынша 23-25 мамырға ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Алдағы күндері солтүстік аймақтарда жаңбырдың қарға ауысуы және температураның төмендеуі байқалады.

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің барлық дерлік аймағында найзағай, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауады. 24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда орталықта жауын-шашын болып, қарға ауысады. Кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысымның әсерінен жаңбырдың тоқтауы болжанады.

Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарындағы Скандинавия түбегінің аудандарынан жоғары қысымды аймақтың енуімен түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін үсік болады, күндізгі уақыттарда солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 градус жылыға дейін төмендеуі болжанып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағындары температураның 20-30 градусқа дейін жоғарылауына себеп болады.

Талқылау