Жаңатаста өрттен көз жұмған балалар үшін емес: Сарысу ауданы әкімінің не себепті жұмыстан босатылғаны айтылды
Жамбыл облысының әкімідігі Сарысу ауданы әкімі Бақытжан Жақсылықовтың жұмыстан босатылу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Кейбір БАҚ мен әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Өрт салдарынан шаһарда 5 бала көз жұмған болатын. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Сарысу ауданы әкімінің жұмыстан босатылғаны жайлы айтылған еді.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"