Жаңартылған лифтбек JAC J7 Plus: Қазақстанда көпшіліктің сұранысындағы көліктің бағасы белгілі болды
Жаңа үлгінің шыққаны туралы брендтің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Allur қазақстандық автомобиль компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясының тұсаукесерінде белгілі болды.
Жаңартылған JAC J7 Plus – ең талапшыл жүргізушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи технологиялы автомобиль. Көліктегі стиль, жайлылық пен қауіпсіздіктің үйлесімі сенімді әрі тартымды автомобиль іздеп жүрген қазақстандықтар үшін тамаша таңдау болады.
"Мұз бен жалын" деп аталған үлгінің слоганы тыныштық пен қуаттылықты жарасымды үйлестіріп, жолда қайталанбас бейне жасайтын бірегейлігін ерекше көрсетеді.
Бұл лифбек заманауи дизайнымен және мықты сипатымен ерекшеленеді. Автомобильдің алдыңғы бөлігінде X-тәрізді радиатор торы мен аэродинамикалық алдыңғы бампері бар. Әрбір фарада 142 жарықдиодты көздерден тұратын толық жарықдиодты оптика орналасқан. Бұл жол бойында жарықтың дәл таралуын қамтамасыз етеді. Күндізгі жүріс шамдары автомобильдің бүкіл енімен өтетін жарықдиодты жолақпен біріктірілген. Бұл мұз жарқылына ұқсастырылып жасалған.
J7 Plus пішіні жалынға ұқсайтын сызықтармен және 18’’ жеңіл қорытпа дискілермен ерекшеленеді. Ал көліктің айналарф жарықдиодты бұрылыс қайталауыштарымен, электр реттеумен, жылытумен және автоматты түрде жиналмалы электр жетекпен жабдықталған. Автомобильдің артқы бөлігі қайта жасалған жарықдиодты шамдар мен қосарланған газ шығару жүйесімен, жүксалғыш қақпағының электр жетегімен жабдықталған.
JAC J7 Plus ішінде бүйірлік тірегі мен жылыту жүйесі бар алдыңғы анатомиялық спорттық орындықтар орналасқан. Диагоналы 7'' және 10,4'' болатын көп функциялы былғары орындық аспаптар панелімен және Bluetooth, Apple CarPlay мен Android Auto қолдайтын мультимедиа жүйесімен әрекеттесуге мүмкіндік береді. Беріліс қорабының селекторы джойстик түрінде жасалған. Ал сүзгілеу функциясы бар PM климат-бақылау жүйесі салонда таза ауаны қамтамасыз етеді.
JAC J7 Plus капотының астында қуаты 174 а.к. және айналма сәті 300 Нм, 1,5 литрлік турбо қозғалтқыш орнатылған. Ол 6 сатылы роботтандырылған беріліс қорабымен бірге жұмыс істейді. Көліктің жүріс бөлігінің алдыңғы жағында MacPherson типті және артында көп иінтіректі аспасы бар. Бұл жолда тегіс және жайлы жүруді қамтамасыз етеді.
JAC J7 Plus жүргізушісі мен жолаушыларын қалқан тәрізді қорғайтын озық қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Жиынтыққа ауырлықты бақылау (TCS), бағыт тұрақтылығын бақылау (ESC), көрінбейтін аймақтар мониторингі (BSD), артқы соқтығысқа байланысты ескерту (RCW) және көлденең бағыттағы қозғалыс туралы ескерту (CTA) жүйелері кіреді. Автомобиль алты қауіпсіздік жастықтарымен және ISOFIX стандартты балалар креслоларына арналған бекіткіштермен жабдықталған.
JAC J7 Plus Қазақстанда қазірдің өзінде екі жиынтық нұсқасында қолжетімді:
– Luxury – бағасы 9 390 000 теңгеден. Ол толығымен жарықдиодты оптиканы, 17’’ жеңіл дискілерді, жайлы кіру жүйесін, панорамалық шыны төбесі мен басқа да көптеген опцияларды қамтиды.
– Flagship – бағасы 9 790 000 теңгеден. Бұл көлікте жоғарыда аталған опциялардан басқа, жүксалғыш қақпағының электр жетегі, 8 аудио жүйесі динамигі, белсенді қауіпсіздік жүйелері және 18’’ жеңіл дискілері қосылған.