Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер етеді – Министр жауап берді
Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов жанар-жағармай қымбаттағаннан кейін халық тұтынатын тауарлар бағасы болмашы өзгеріске ұшырайды деп мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер жанармай бағасы өскен соң, халық тұтынатын тауарлар тағы қымбаттап кетпей ме деген сауал қойды
"Жанар-жағармайдың тауарлар бағасына әсері тым асыра бағаланған деп санаймын. Біз бағаны екі есе көтеріп жатқан жоқпыз ғой. Егер сіздер статистикаға қарасаңыздар, 2021 және 2022 жылдары отын бағасы өзгерген жоқ. Бірақ соған қарамастан тауарлар қымбаттады. Әрине, жанармай қымбаттағаннан кейін басқа тауарларда қандай да бір баға өсімі болады, бірақ бұл жоспарлы инфляция шегінде болмашы өсім ғана", – деді Ақшолақов.
Айта кетері, энергетика министрлігі бензин мен дизель отынының шекті бөлшек бағасын көтереді. Өзгерістер 12 сәуірден бастап күшіне енеді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн