Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 2 адам ауыр хәлде жатыр - министрлік

Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында таңғы сағат бестер шамасында №2 мөлтекаудандағы екі подъезді, қосқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Қазір оның себептері анықталып жатыр. Бастапқыда апат себебі - газ баллоны деп берілген болатын. Қазір ол версиядан айныдық. Өйткені ол тұрғын үйде газ жүйесі жүргізілген. Сондықтан газ баллоны болмауы да мүмкін", - деді ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов. 

Сонымен қатар ведомство басшысы апаттан зардап шеккен адамдар туралы соңғы мәліметті айтты.

"Жарылыстан 3-4 үй зардап шекті. Опырылу салдарынан 4 адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет алып отырмыз. Сондай-ақ, 13 адам жарақаттанды.  7 адам ауруханадан үйіне жіберілді және 3 адам ауруханада, екі адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарлама алдық", - деді Нұрболат Дербісов. 

Айта кетейік, Жаңаөзендегі апат кезінде 4 адам қайтыс болды.

Талқылау