Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқандардың саны артты
Жаңаөзендегі жарылыстан қаза тапқан адамдардың саны төрт адамға жетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар үйінді астынан тағы үш адамды – ер, әйел және баланы алып шықты. Осылайша, қазіргі уақытта үйінді астынан құтқарушылар төрт адам тірі шығарылып, тағы үш адамның мәйіті табылды. Құтқарылғандар мен медициналық көмекке жүгінгендерді қосқанда барлығы сегіз адам ауруханаға жатқызылды”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.
- Жаңаөзендегі газ баллон жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды: Бір адам көз жұмды
- Мұхамедиұлының соты: Айыпталушы сот отырысында Тұңғышбай Жаманқұловтан жауап алуды сұрады
Үйіндіні тазалауға 40-қа жуық техника мен 350-ге жуық адам жұмылдырылған, оның ішінде: құтқарушылар, оның ішінде кинологтар, Ұлттық ұлан әскерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем, полиция, еріктілер бар екені айтылады.
Сағат 11.45-те үйінді астынан әйелдің денесі шығарылған. Төтенше жағдайлар министрлігі осылайша үйінді астынан төрт адамның және қаза тапқан төрт адамның денесін алып шыққанын мәлімдеді.
Еске салайық, 17 сәуір күні таңертең Жаңаөзенде газ баллонының жарылуы салдарынан тұрғын үйдің кіреберісі опырылып құлаған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, сенім телефоны ашылды.