Жаңаөзендегі газ баллон жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды: Бір адам көз жұмды
Жаңаөзенде газ баллон жарылысының кесірінен бір адам көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңаөзен қалалық ауруханасына барлығы 13 зардап шеккен адам түсті, екеуі ауыр жағдайда реанимацияда.
1994 жылғы ер адам есін жимай, қалалық ауруханада қаза тапты.
Дәрігерлер оларға дене күйіктерінің 80% және 50% диагнозын қойды. Қалған зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Зардап шеккендердің арасында балалар да болды, олар амбулаториялық емделуге жіберілді.
Оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Құтқарушылар мен кинологтар жұмыс істеуде.
17 сәуірде таңғы сағат бесте Жаңаөзеннің екінші шағын ауданында көппәтерлі үйде газ баллонының жарылғаны хабарланды.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған