Жаңаөзенде мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады
Жаңаөзенде 2004 жылы мектеп бітіргендер ұстазына үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Маңғыстау қоғамдық коммуникациялар орталығы
Жаңаөзендегі №10 орта мектептің 2004 жылғы түлектері "Көмек Жаңаөзен" қайырымдылық қорымен бірлесіп, физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер сыйлады.
Түлектер 25 мамыр "Соңғы қоңырауда" пәтер кілттерін табыс етті. Мұғалім қуаныштан көзіне жас алып, шәкірттеріне алғыс білдірді.
Жаңа тұрғынға демеушілер мен қайырымдылық қор өкілдері де өз сыйлықтарын табыс етті.
Гүлнар Қарақойшиева 40 жылдан астам мектепте еңбек етіп, жаңаөзендік жастардың білім алуына өз үлесін қосып келеді.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ