Жаңаөзен тұрғындары тағы да алаңға шықты
Бүгін Жаңаөзен тұрғындары тағы да алаңға шықты. Алаңға шамамен 500 адам жиналған.
Сурет: Видеодан кадр
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Алаңға жиналған тұрғындар Қазақстанда қытайлық зауыттар салынатыны туралы ақпаратқа байланысты наразылық танытты. Олар мұндай жағдайда жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдайды.
Тұрғындармен кездесуге Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов келген. Ол жиналғандардың талабын тыңдап, артынша азаматтарды жеке қабылдауына шақырды.
Сонымен қатар облыс әкімі Қазақстанда және өңірде қытайлық кәсіпорындар салынбайтынын айтты.
Сондай-ақ, жиналғандармен Жаңаөзен әкімі Әділбек Дауылбаев кездесті.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзге жуық ер адам қала әкімдігі ғимаратының алдына жиналған еді. Олар жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруды талап етті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады