Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова көз жұмды
Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: inform.kz
"Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады" делінген хабарламада.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған