Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа жұмыс көзі болады": Баян Алагөзованың қайын атасы шымкенттіктерді үн қосуға шақырды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының қайын атасы, кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің әкесі, дирижер Тұрым Алагөзов шымкенттіктерге үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын сатып алған еді. 

“Соңғы кезде теледидардан да, әлеуметтік желіден де менің ұлымның атақты сыра зауытын сатып алғанын жарыса жазды. Кәсіп иесінің жеке табысы да біраз талқыға түсті. Оның бәрі рас. Ұлым зауыттың иесі болды. Бірақ қандай зауыт дерсің?! Кезінде Кеңес одағы үшін маңызға ие өнеркәсіптің бүгінде хәлі мүшкіл. Зауытты жемқорлардың кесірінен қайта салуға тура келіп тұр. Аяусыз қанау, ұрлықтың салдарынан толығымен қайта құруға мұқтаж”, – деп жазды дирижер. 



Сонымен қатар зейнеткер ұлының бастамасына қолдау білдіру үшін, шымкенттіктерге үндеу жасады.

Қымбатты достар! Менің ұлым зауытты қалпына келтіру үшін жұмыстарды бастап кетті. Бұл дегеніміз – шымкенттіктерге жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бірақ бұл үшін миллиондаған доллар инвестиция қажет! Сондықтан құрметті шымкенттіктер, көмекке келгендерге денсаулық тілеп, дұға етіңіздер!", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Шымкент сыра зауытынан бөлек Тұрсен Алагөзовтың иелігінде тағы сегіз компания бар екенін жазған едік. 

 

Талқылау