Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жүйе әзірленді: Еліміздегі мұғалімдер енді оқулықтарды өздері таңдамақ

Еліміздегі мұғалімдер енді оқулықтарды өздері таңдауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

мұғалім

Дереккөз таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл жөнінде оқу-ағарту министрлігі мәлімдеген.

Жаңа жүйені Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген. Еtandau.gov.kz электронды платформасы тек мұғалімдерге, мектеп директорларына, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, кітапханашылар мен білім бөлімдеріне арналған.

Платформа әр мұғалімге өзі дұрыс деп таныған оқулықты таңдауға мүмкіндік береді. Платформа қазір сынақтан өтіп жатыр.



Пилоттық жобаға Астана қаласы мен Қостанай облысының 20 мектебі қатысып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның мектеп оқушылары 2024 жылы қазақ тілінен емтихан тапсыратыны жайлы хабарланған. Қазақ тілінен емтиханды 5-8 және 10-сынып оқушылары тапсырады. Өзгерістер 2023-2024 оқу жылынан бастап енгізілді, яғни мамыр айында студенттер мемлекеттік тілді білу деңгейінен ​​тестілеуден өтеді. 

Талқылау