Жаңа жылдық сыйлық алу кезінде нені ескеру керек?

Қазақстандықтардың 2020 жылмен қоштасуына дейін бір аптадан аз уақыт қалды. Қиындық пен стресске толы жылды қорытындылап, халық енді мерекелік көңіл-күймен Жаңа жылды қарсы алмақ. Қазақстандықтардың жаңа жылдық сезімін ояту үшін әсем безендірілген шырша, аппақ қар, иістері мүңкіген жемістер, жылы естеліктерге толы фильмдер, сондай-ақ, сыйлықтар керек! Жаңа жылда жақындарды қуанту үшін сыйлықтарды қалай алу керек, қандай мәселені ескеру керек? Stan.kz редакциясы нақты қадамдарды ұсынады. 

халык банк

Мерекелік күндер қарсаңында таныстардан қарызға ақша сұрап, қаражат алу үшін қымбат несие рәсімдеу адамды шаршатып, күйзеліске түсіретіні анық. Сыйлық алу кезінде қалтаңызға артық салмақ түспейтіндей нақты қандай жайттарға назар аудару керек?

Әлеуметтанушылар адамдардың сыйлық таңдауда жіберетін қателіктеріне қатысты бірқатар зерттеу жүргізген. Олардың зерттеуіне сәйкес, көбі сыйлық жасау кезінде сыйлық иесін таңғалдырғысы келеді, алайда заттың қажеттілігіне көп мән бермейді. Осылайша, сыйлық қолданылмаған қалпы сандыққа кетеді.  Сыйлық алушының шынайы алғысын көргіңіз келсе, мына кеңестерді түртіп алғаныңыз жөн:

№1. Тосынсый шат-шадыман көңіл-күйді бір минутқа ғана емес, біраз уақытқа сыйлау үшін күнделікті өмірде қолданатын сыйлықтар берген жөн. 

№2. Қазіргі уақытта сыйлық сертификаттары ерекше танымалдылыққа ие болып отыр. Бұл таза ауада атпен серуендеу, пайдалы курстарға қатысу мүмкіндігі немесе басқа да құнды сыйлар. Мұндай сыйлықтың әсері өмір бойына сақталады, ал киім немесе кәдесый ешқандай рахат әкелмеуі мүмкін. 

№3. Сыйлықты мереке басталмай тұрып алып қойған дұрыс, көпке созбаңыз. Ұзақ ойланған сайын басқа да қызық идеялар келеді деп үміттену - бекершілік. Жаңа жыл қарсаңында сыйлық іздейтіндер көбейіп, таңдайтын заттар қалмай қалуы ықтимал.

№4. Қымбат сыйлық үздік деген сөз емес. Құны жоғары зат қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Одан да осы сомаға қажеттірек зат алғаныңыз жөн.

№5. Адамға тағы бір қосымша зат сатып алуды қажет ететін сыйлық алудан аулақ болыңыз. 

№6. Егер сыйлық иесі алдын ала өзіне не қажет екенін айтқан болса, сол затты алып беруге тырысыңыз. Себебі ол зат қаншалықты ерсі, онша емес көрінгенімен, демек сол зат оған қажеттірек. 

Нарықта сыйлықтардың түрі өте көп: қымбаты да, арзаны да табылады. Ең бастысы, сыйлық алу кезінде өзіңіз қиын жағдайда қалмасаңыз болғаны. Сондықтан тосынсый жасамас бұрын, қаржылық жағдайыңызды саралап өтіңіз.  

Енді қазақстандықтар қажетті сыйлықтарға оп-оңай қолжеткізе алады. Halyk Bank тұтынушыларға Halyk Light  бөліп төлеу картасын ұсынады. Аталған карта арқылы жақындарыңыз, таныстарыңызды ештеңеден шектелмей қуанта аласыз. Қымбат сыйлықты да, қолжетімді бағадағыны да сатып алу үшін енді тек бір ғана карта жеткілікті.

Halyk Light арқылы сіз: 

● 3 000 000 теңгеге дейін кез келген тауар немесе қызметке қолжеткізесіз;

● Оны 10 000-нан астам жерде қолдана аласыз;

● 4 айға бөліп төлей аласыз;

● Комиссия мен үстемақы жоқ;

Halyk Light картасын қолдану арқылы сіз пайызсыз және артық төлемсіз кез келген қызметті және тауарды 4 айға бөліп төлей аласыз. Halyk Light серіктестері желісінен басқа кез келген POS-терминалда немесе онлайн-дүкеннен алған жағдайда ай сайын 1% комиссия алынады. 

Картаның тағы бір артықшылығы алғашқы жыл ТЕГІН қоладанасыз. Айыппұлсыз және шектеусіз толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеу де қарастырылған.

Halyk Light картасын қалай және қай жерде қолданасыз?

Егер сіз Halyk Light картасымен серіктес дүкеннен 20 000 теңге сомасына тауар алсаңыз, ай сайын 5000 теңгеден төлеп тұруыңыз керек. Артық төлемсіз. Ал енді Halyk Light картасымен серіктес емес дүкенде 20 000 теңгеге қызмет алсаңыз немесе зат сатып алсаңыз, бұл жағдайда ай сайынғы төлем 5 200 теңге болады. 4 айға артық төлемнің жалпы сомасы – 800 теңге.

Сондай-ақ, әрбір жасаған саудаңыздан сізге бонус түсіп отырады. Смартфонмен картасыз Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay арқылы төлем жасауға болады. 

Картаны тегін ашуға болады, оны онлайн түрде немесе банк бөлімшесіне барып аша аласыз. Halyk Light картасын ашу және басқа да толық ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз.

Карантиннен кейінгі күйзелісті артта қалдырып, келер жылды көтеріңкі көңілмен қарсы алыңыз! Жаңа жыл қарсаңында өзіңізге және жақындарңызға сыйлық жасау енді қолжетімді. Бөліп төлеу картасы арқылы бұл оңай әрі тиімді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр