Жаңа жылда адамдар аспаннан солтүстік шұғыласын көре алады
Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасы жаңа жыл қарсаңында солтүстік шұғыласының көрінетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Деректерге сүйенсек, Күнде жоғары рентгендік класстағы жарылыс пайды болды. Оның массалық шығындары Жерге де жетеді.
"Таңертең күн сәулесінде 7:14 пен 7:31-де қатарынан екі жаңа жоғары рентгендік X класы пайда болды. Жарылыстар күн дискісінің батыс бөлігінде, қайтадан әсер етуі мүмкін аймақта тіркелді. Жалпы Күнде биылғы ең белсенді әрі ең күшті жарылыстың бірі тіркеліп отыр. Алдыңғы екі серпіліс өткен жылдың мамыр және қазан айларында байқалған", – дейді ғалымдар.
Есептеулерге сәйкес, жарылыстың массалық шығарындылары 31 желтоқсанда жерге жетіп солтүстік шұғыласын тудыруы мүмкін. Ол жаңа жыл қарсаңында да байқалады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр