Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа субұрқақ пайда болды": Алматыда 1985 жылы орнатылған құбыр жарылды (видео)

Алматыда 1985 жылдан бері тұрған құбыр жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Видеодан кадр

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Төлебаев-Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы жылу трассасының екпіні оқшауланды.

"Бүгін, 6 наурызда Төлебаев-Әйтеке би көшелерінің қиылысында жылу трассасының екпіні болды. Жедел тәртіппен екпін оқшауланды, "Алматы жылу желілері" ЖШС апаттық бригадасы зақымдануды жоюға кірісті. Қазыбек би-Панфилов-Әйтеке би-Қонаев көшелері аралығындағы 1985 жылдан бері жарап тұрған диаметрі 400 мм құбырдағы зақымданудың салдарын  үшін ыстық су мен жылыту уақытша өшірілген", - делінген хабарламада. 



Жұмыстарды аяқтау жоспарланған мерзімі бүгінгі сағат 23:00-ге дейін. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда су құбыры жарылып, бүтін бір көше тұрғындары сусыз қалғаны туралы жазған едік.

 

Талқылау