Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңа өмір салты": Тоқаев нейрожелі мен жасанды интеллект жайлы айтты

Тоқаев нейрожелі мен жасанды интеллект жайлы айтты. Мемлекет басшысы ғылым мен технологияның қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев бұл туралы Астанада өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында сөз етті.

"Біз, ең алдымен, жұмыстың негізгі бағдары мен басымдықтарын айқындап алуымыз керек. Қазір әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Геосаясат, экономика және қоғамдық қатынастар бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге тап болды. Ғылым мен технология өте қарқынды дамуда", –  дейді президент.

Ол ғылым саласының қаржы айналымы миллиардтаған долларды құрайтын алып индустрияға айналғанын баса айтқан. Айтуынша, технологиялық ірі корпорациялардың құны триллион долларға жеткен. 



"Нейрожелі және жасанды интеллект революциялық үдерістерге бастау болып жатыр. Соған сәйкес мүлде бөлек, жаңа өмір салты қалыптасуда. Оның пайдалы жақтарымен қатар зор қатер туғызуы мүмкін зиянды тұстары да бар.

Жасанды интеллектіге байланысты, тіпті, Илон Масктің өзі алаңдаушылық білдіріп, оның дамуын әзірше тоқтату керек деп айтқан екен. Өйткені жасанды интеллект бүкіл адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп ескерткен. Энергетика, медицина, био және гендік инженерия саласында іргелі жаңалықтар ашылды. Оның бәрі адамзат өміріне түбегейлі өзгерістер әкеле бастады", – дейді Қазақстан президенті.

Талқылау