Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев латын әліпбиіне көшу жайлы: “Yrymsyl” сөзі - бұл қазақ тілі ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін сынға алды. Ол асығыс шешімдер нәтижесінде көптеген қателікке жол берілгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

латын

Президент сөзінше латын әліпбиін әлі де асықпай жасау керек деп отыр. Өйткені қазіргі билбордтардағы жазулар қазақ тіліне ұқсамайды. 

“Мен бұрын бұл мәселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сәтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мәселе кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын әліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қараңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміздің табиғатына жат, бұрмаланған мәтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы да қателесуге құқымыз жоқ”, –  дейді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға әрбір істі мұқият зерттеп, тек ұтымды тұстарын ғана пайдалануды ұсынды. 

“Бір мысал келтірейін. Мен бұл мәселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде "ы" деген әріп бар. Мысалы, "ырымшыл" деген сөзде үш "ы". Біз оны автоматты түрде "у" деп жазатын болдық. Сонда "ырымшыл" деген сөзді латын әліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл әліпбиімен де, тіпті латын әліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес. Сондықтан ғалымдарымыз басқа елдердің озық тәжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануы керек”, – деді мемлекет басшысы. 

Талқылау