Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа оқу жылы: Түркістандық оқушылар құрылысы бітпеген мектепте оқуға мәжбүр

Сарыағашта оқушылар жөндеу жұмыстары бітпеген мектепте білім алуға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ашық дереккөз

Жаңа оқу жылы басталғанымен Сарыағаш ауданында орналасқан И. Панфилов атындағы мектептегі құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған. Әлеуметтік желіде мекеме ішінде құрылыс заттары шашылып жатқанын, ал құрылысшылар жұмыс істеп жүргенін көруге болатын видео тарады.  Дегенмен, бүгін аталған мектепке оқушылар сабаққа барған.

Бұл ақпаратты Түркістан облысы білім басқармасы жоққа шығармады. Басқарма мәліметінше, жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес 15 қыркүйекке дейін толығымен аяқталады. Ал мекеме ішіндегі жұмыстар балалардың білім алуына кедергі келтірмейді. Сыртқы жұмыстар жүргізіліп жатқан жерлер қауіпсіздік мақсатында қоршалмақ. Кестеден кешіккен мердігердің құжаттары тиісті органдарға беріліп, айыппұл да салынған.

 "2-3 қыркүйектегі демалыс күндері мердігерлер мектеп ішін әрлеу, сырлау жұмыстарын жүргізді. 1 қыркүйек күні мектепте дәстүрлі түрде қоңырау соғылып, оқушылармен тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар білім ордасында бүгіннен бастап дәстүрлі түрде сабақ өтуде. Ішкі жұмыстар толығымен аяқталды. Қазіргі таңда, балалардың оқу процесіне кедергі келтірмейтін жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында.
 
 


 

Талқылау