"Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеймін": Бишімбаев ісі бойынша прокурордың жалған парақшасы желіде 20 мыңнан аса жазылушы жинады
Қазақстандықтар әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың атына Instagram желісінде парақша ашылған. Прокурордың аккаунтына 24 сағат жетпей 20 мыңнан аса қолданушы жазылып үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Бұған дейін әлеуметтік желіде кәдімгі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізгі сот тергеуінің үзінділері қалай тарағанын айтқан едік.
Желі қолданушылары прокурордың қазақ қыздарының намысын қорғағанына, табандылығы мен батылдығына, кәсібилігіне тәнті болған.
4 сәуірде әлеуметтік желілерде @aijan.aimaganova лақап аты бар парақша пайда болып, аккаунтта тіпті профиль "қарапайым халықтың өтінішімен" ашылғаны туралы мәлімдеме және "Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеймін!" деген жалынды сөздер жазылған.
Біз бұл парақшаның Айжан Аймағановаға тиесілі емес екенін және жалған екенін анықталды. Бас прокуратураның баспасөз қызметі мемлекеттік айыптаушының қазір Instagram парақшасы жоқ екенін мәлімдеді.
- "Қуандық, сен көзіме шөп салдың": Сотта Бишімбаев пен марқұм Нүкенова арасындағы хабарламалар оқылды
Бұл аккаунттағы жазбалар әлеуметтік желілерге бірдемде тез тарап кетті. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді де әлеуметтік желідегі stories-інде жазбаны бөлісіп, сот залынан "батылдық пен ерік-жігер" көретінін айтты.
Айта кетейік, 4 сәуірде өткен экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова эмоциясын жасырмады. Соттың үзінділері TikTok-та тарап, қызу талқыға түсті. Бұл видеолардың бірі қазірдің өзінде 2,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Оқырмандар видеодағы прокурдың іс-әрекеті мен сөзіне риза болып, шынайы эмоцияларын білдірді.
Желі қолданушылары "Оны құшақтап алғым келеді! Өте жақсы адам!", "Ол жұмыстағы күйзелістен кейін үйінде жылап отырған шығар?", "Әрқашан мұндай жақсы прокурорлар бар екеніне сенетімін", "Ол бәріміздің атымыздан сөйледі" деген жүрек жарды тілектерін жазды.
Бәріміз қылмыс болған күннен бастап "неге оны жайына қалдырмады?" деген сұрақ көптің көкейінде жүргені анық.
"Дауысынан-ақ оған қалай қиын екені сезіліп тұр", – деді оқырман.
@zhazira_aukatova
♬ оригинальный звук - Жазира Аукатова
Еске салайық, 4 сәуірде айыпталушы Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап берді. Бұған дейін сотта Салтанат Нүкенованы мейрамхананың дәлізінде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео көрсетілген. Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Бұдан бөлек экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов – қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған еді.