Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 17-ге жетті
Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жәнібек Тұрманов
"Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өрт сөндіруші мерт болды. Ол бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласындағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын", - делінген хабарламада.
Осылайша жарылыстан қаза тапқандар саны 17-ге жетті. Сондай-ақ, жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.