Жамбылда түлек мінген көлік апатқа ұшырап, бір адам мерт болды
25 мамырда мектеп бітіру кешінен кейін Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жамбыл облыстық полиция департаменті
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Жаңаталаптан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан жолда болған.
Жаңаталап ауылынан шыққан "Тойота Камри" маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.

Апат салдарынан көлік рөліндегі 21 жастағы қыз оқиға орнында қаза тапты.
"20, 17 жастағы азаматтар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілді. Жағдайы бірқалыпты, бақылауда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажет сараптамалар тағайындалды", – делінген баспасөз релизінде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"