Жамбыл облысында ветеринария бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсамақ болды
Қордай аудандық ветеринария басқармасының басшысы Ғалым Сабыралы өз кабинетінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Әлеуметтік желіде ер адамның қолы қанға боялған суреті тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы Қордай ауданы ветеринария бөлімінің басшысы сол қолының тамырын кесіп, өзіне қол жұмсамақ болды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізді. Осы уақытта есін біліп жатты.
Ер адамның мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз.
Облыстық полиция болған жағдайға қатысты "Өзіне қол жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
“Қазір жағдайға қатысты тергеудің толық, объективті және жан-жақты болуы үшін қажет жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Қордай аудандық полиция бөлімі басшылығының бақылауында”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірген еді.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін