Ақтөбеде бала азғындады деп күдікке ілінген адамның тергеу мекемесінен өлі табылды
Ақтөбеде 16 жасқа толмаған баланы азғындады деп күдікке ілінген адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iStock
Ақпаратты Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ақтөбенің аралас қауіпсіздік мекемесінде 16 жасқа толмаған баларға азғындық жасау ісі бойынша тергеліп, қамауға алынған күдікті адамның өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылық пен өлім белгілері табылған жоқ", – делінген хабарламада.
Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалары тағайындалған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды