Жамбыл облысында үш бала газға уланып, көз жұмды
Жамбыл облысында үш бала анасы жоқта газға уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото:Pixabay.com
Меркі ауданында жалдамалы пәтерде тұратын отбасының үш баласы газға уланып қалды. Балалар 4, 6 және 8 жаста.
Анасы балаларын жалдамалы пәтерде тастап кеткен. Үйге оралған кезде газ иісін сезіп, қыздарын ауруханаға жеткізуге тырысқан. Алайда ол кезде олар мерт болып кетіпті.
"Отбасы тұрақты түрде әлеуметтік көмек алған. АӘК, бірреттік жәрдемақы, алимент және мектеп формасына қаражат бөлінген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген", – деп мәлімдеді әкімдік.
Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында 6 адам газға уланып мерт болған еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"