Жамбыл облысында 6 адам газға уланып мерт болды
Жамбыл облысы Қызылшарық ауылында жеке тұрғын үйде газды өшіргеннен екі отбасы көміртегі тотығына уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
17 қазан сағат 07:40 шамасында Қызылшарық ауылында үш адам көміртегі тотығына уланған.
61 жастағы отағасы мен оның 36 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды, ал 17 жастағы немересі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ал 16 қазанда Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылындағы жеке тұрғын үйде шәйнек қайнап жатқан кезде газ плитасын өшіру салдарынан газ тараған. Салдарынан 57 және 49 жастағы ерлі-зайыпты, олардың 13 және 5 жасар балалары газдан уланып қаза болды.
Екі жағдайда да сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"