Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында сел жүріп, 500 қой суға ағып кеткен

Жамбыл облысы Шу ауданында нөсер жауынның соңы селге ұласып, 500-ге жуық қой суға ағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

30 маусымда Шу аудынындағы Ақтасты елдімекенінің маңындағы таулы аймақта нөсер жауын селге айналып, шаруа қожалығының қойларын ағызып әкеткен. Суға кеткен шаруашылықтың иесі отардағы 485 қойдың жайылымда өліп жатқанын айтады.

Жергілікті әкімдік арнайы комиссия құрып, шығынды есептеп жатыр. Жайылымды аралап, екі жүзге жуық қойдың өлексесін тапқан. Шығынға батқан шаруаға мемлекеттен өтемақы төленбек.


Қырғызстанда сел салдарынан қаза тапқандар саны сегізге жетті


“485 бас мал шығыны болды деп өзі айтып отыр. Бірақ біз ауданның ветеринария қызметі және ауыл жастарымен өлген малдың өлексесін санағанда 192 бас табылды. Бүгін тағы мал іздеп жатырмыз. Малдың бәрін тапқаннан кейін, оны базадағымен салыстырып, қанша шығын кеткені туралы комиссия құрылады, жұмыс жалғаса береді”, – дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстанда жойқын жел жүріп, қазақстандық 4 баланың көз жұмғаны туралы жазған едік. 

Талқылау