Жамбыл облысында сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты 5 әскери қызметкер жұмыстан шығарылды
Жамбыл облысында "Шөлдала" шекара заставасындағы сарюаз өлімінен кейін 5 әскери қызметкер жұмыстан қуылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҰҚК Шекара қызметі тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті төрағасының орынбасары – кадр басқармасының басшысы полковник Ерік Беріков жұмыстан шығарылған қызметкерлер жайлы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.
"Лауазымды қызметінен облыстық департамент басшысы, шекара басқармасының басшысы, застава басшысы пен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары босатылды", – деді ол.
Еске салайық, Жамбыл облысында борышын өтеп жүрген Бекбол Мираштың мәйіті 2022 жылдың тамызында табылған еді. Бастапқыда тергеу суицид жасаудың себебі ретінде сексуалды зорлықты қарастырған. Ал 2023 жылдың қаңтарында күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев биологиялық сараптаманың қорытындысы туралы айтты.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды