Жамбыл облысында оқушы қолын сындырып алғаны үшін білім басқармасына айыппұл салынды
Жамбыл облысында сот оқушының қолын сындырып алғаны үшін білім басқармасына айыппұл салды. Қабылданған шаралар туралы уәкілетті органды хабардар етпегені үшін білім беру қызметкері жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik
Қазан айында Жамбыл облысындағы мектептердің бірінің 10-сынып оқушысы жабық қолының сынығымен ауруханаға түскен. Аталған жағдай Ащыбұлақ ауылында мектеп оқушылары арасындағы төбелестен болған.
Полиция қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" іс қозғады.
"Құқықбұзушылықтың себептері мен шарттарын жою бойынша шаралар қабылдау үшін аудан әкімдігінің білім бөліміне ұсыныс жолданды. Бірақ білім бөлімінің сектор меңгерушісі бір ай ішінде уәкілетті органға қабылданған шаралар туралы хабарламаған. Сотта ол кінәсін мойындап, белгіленген мерзімде жауап жіберу қажеттілігі туралы білмегенін айттыі. Сот оған 10 АЕК – 36 920 теңге әкімшілік айыппұл салды", – делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көліктердің бірінде қария оқушы қыздың бетінен ұрып, шабуыл жасағаны туралы жазған едік.