Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысы ұрған жасөспірім көз жұмды
Жамбыл облысы Құмжота ауылында сегізінші сынып оқушысы өкпеден алған соққыдан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: bangkokbook.ru
Тоғызыншы сынып оқушысы марқұм баланы көшедегі әжетхананың жанында күтіп тұрған. Сосын өкпеге соққы беріп, соңы өліммен аяқталған.
"Оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Мектеп басшылығы мен ұстаздар қауымына қатысты бөлек тергеу басталды. Олар балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамады деген күдікке ілінді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында мектеп оқушысы суицид жасағаны туралы жазған едік. 9-сынып оқушысының суицидке бару себебі әзірге нақты белгісіз. Бала сол күні “көп уақыт өткізесің” деп телефонын алып қойған анасымен сөзге келген.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"