Жамбыл облысында қызметкер үйіндінің астында қалып, мерт болды
Жамбыл облысындағы Ақбақай жер асты кен орнында қызметкер қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Қайғылы оқиға 18 қыркүйекте Жамбыл облысында болды. “Алтыналмас” компаниясы Ақбақай жерасты кен орнында тас опырылып, қызметкер үйінді астында қалғанын айтады.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы келіп, іздеу-құтқару операциясы басталғанын хабарлады. Алайда тау жыныстарының қозғалысы мен географиялық жағдайға байланысты жету қиын болды.
“Алтыналмас” АҚ техникалық қызмет көрсету және жөндеу шеберінің қазасын растады. Оқиғаға байланысты жұмыс тобы құрылды. Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Компания марқұмның отбасына көңіл айтып, жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен