Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында имам досын пышақтап, артынша өзі асылып қалды

Жамбыл облысында имам досын пышақтап, артынша өзі асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында имам досын пышақтап, артынша өзі асылып қалды

Жамбыл облысына қарасты Бесағаш ауылында 15 жылғы тәжірибесі бар имам жақын досын пышақтап тастаған. Қанды оқиға 51 жастағы азаматтың қорасында орын алған. Имам досын пышақтап өлітіріп, артынша өзі де асылып қалған.

"51 жастағы азамат ас бөлмесіндегі пышағын алып шығып, көршісіне пышақ салып, соңғысы оқиға орнында қаза болған. 51 жастағы азамат көршісінің қаза болғанына көзі жетіп, ауланың аяқ жағына барып, жіпке асылып өлген", - дейді Жамбыл аудандық ПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Дәулетжан Бектембаев. 

Екі құрдастың арасындағы жанжал имамның әйелі үшін туындаған деген болжам бар. Алайда, діндар кісінің әрекетінің себебі әлі анықталмады. Имамның артында үш баласы қалды, ал досы бойдақ болып шыққан. Қазіргі таңда бұл деректерге байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп, қанды қылмыстың мән-жайы анықталуда.

"Келіспеушілік екеуінің арасында болып отыр ғой. Мына жақтағы Қанат деген жігіт бойдақ, мынау үйленген, үш баласы бар. Айтып отырмын ғой, ол ызақор. Арасына біреулер кірді ме, әйтеуір, сондай болыпты. Оның нақтысын білмейміз енді", - дейді ауыл тұрғыны Сағидолла Сатыбалдиев. 

Талқылау