Жамбыл облысында болған жаппай төбелестен екі адам мерт болды
Жамбыл облысы Шу қаласының бес тұрғыны қатысқан жаппай төбелестің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 23 қазан күні кешкі уақытта болған. Қаланың бес тұрғыны бірге ішімдік ішкен соң төбелес шығарған.
Қақтығыс салдарынан екі адам пышақ жарақатынан көз жұмып, тағы бір азамат Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
- Шуламауды сұраған: Павлодарда ер азаматтардың жанжалы, қанды төбелеске ұласқан (видео)
- Қарағандыдағы университеттің жатақханасында студенттер бір-бірін пышақтап тастаған
- 26 рет пышақтаған: Қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда отандасын аяусыз өлтірді
Тәртіп сақшылары жанжалға қатысқан 44 жастағы ер адамды қолға түсірді. Сонымен қатар төбелес болған жерден қашып кеткен 34 жасар ер адам іздестірілу үстінде.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жүріп жатыр, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
Сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері әлі жарияланған жоқ.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”