Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 12 жасар оқушы депутаттың күйеуінен жүкті болған: Сот үкім шығарды

Жамбыл облысында 12 жасар қызды зорлаған депутаттың күйеуіне қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Айыпталушы – аудандық мәслихат депутатының Мороз есімді 55 жастағы күйеуі. Ол оқушы қызды зорлады деп айыпталған. 12 жастағы оқушы ер адамнан жүкті болып қалған. Ал ұстаздары қызды ата-анасының рұқсатынсыз жасанды түсік жасату үшін жеке емханаға жіберген.

Прокурор күдікті Морозды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушының өзі кінәсін мойындамаған.

"Ол өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына үш миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді", – делінген Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында депутаттың күйеуі 12 жастағы оқушыны жүкті етті деп айыпталғаны туралы жазған едік. Бұл факті бойынша үш қылмыстық іс қозғалған: қылмыс туралы хабарламау, заңсыз түсік жасату және зорлау. 

Талқылау