Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалғыз мен емеспін": Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдаған құрылыс компаниясына қатысты жаңа деректерді бөлісті

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне үй берем деп уәде беріп, орнына пәтерін тартып алған құрылыс компаниясының сотына қатысты жаңа деректерді бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Бұған дейін актриса Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясына алданып, төрт баласымен баспанасыз қалғанын айтқан еді. 

Әбдікәрімова әлеуметтік желіде өзіне қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдіріп, алаяқтардың айла-амалына қалай түсіп қалғанына әлі таңырқап жүргендерге жауап берді.

“Сотқа байланысты маған қолдау білдіріп жатқан әр жанға алғыс білдіргім келеді. Қалайша бұлай болды дегендерде бар. Білесіз бе, алаяқ деп маңдайына жазып алмайды екен. Мен сияқты сан соғып қалғандар да хат жолдауда. TumarGrandVillage құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып, сотқа шағым түсірдік”, – делінген Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасында. 


"Бірнеше құжатқа қол қойдырды": Жұлдыз Әбдікәрімова соттасайын деп жатқанын мәлімдеді

Талқылау