Жалғас Жұмағұлов UFC-дің экс-жауынгерін жеңді
Қазақ ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде америкалық Джастин Скоггинсты жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Josh Hedges/Getty Images
Қазақстандық спортшы UFC-дің экс-жауынгерін төрешілер шешімімен ұтты. Осылайша, Жұмағұловтың бокстағы екінші кездесуі де жеңіспен аяқталды.
Айта кетейік, Жалғас кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізген еді. Отандасымыз Норвегия спортшысы Раванда Оубуды төрешілер шешімімен ұтқан.
Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жекте 26 рет октагонға шығып, оның 17 жеңіспен, 9 кездесуді жеңіліспен аяқтаған. Соңғы рет спортшы 2024 жылдың қазан айында Словакияның Братислава қаласында Octagon MMA лигасында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиді жеңген еді.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"

