Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бесінші жекпе-жегін жариялады
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Жалғас Жұмағұлов UFC аясында өтетін кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалғас Жұмағұлов UFC турниріндегі келесі қарсыласын атады. 4 маусымда өтетін жекпе-жек күні мен орны белгілі болды. Ол Лас-Вегаста UFC 275 турнирі аясында өнер көрсетіп, америкалық Джефф Молинамен жұдырықтасады.
Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында қысқаша сипаттамамен бірге алдағы жекпе-жегінің постерін жариялады:
"Менің алдағы жекпе-жегімнің күні белгілі. 4 маусым. Джефф Молинаға қарсы” – деп жазды ол.
Еске салайық, Жұмағұлов үшін Молинамен жекпе-жек UFC сегізбұрышында бесінші рет шығуы болмақ. Бұған дейінгі жекпе-жектерінде қазақстандық спортшы үш рет жеңіліс тауып, бір жеңіске жеткен. Бұған дейін қазақстандық боксшы Жалғас Жұмағұлов қайта оралғаны туралы мәлімдеме жасаған еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр