Жалғас Жұмағұлов еуропалық тұжырымдағы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: UFC
UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon тұжырымындағы дебютті жекпе-жегін өткізіп, жарқын жеңіске жетті. Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Словакияда өткен Oktagon 63 турнирінің басты кардында Аарон Эбиге қарсы жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңді. Сөйтіп отандасымыз еуропалық тұжырымның чемпиондық белбеуіне таласатын басты үміткерлердің бірі болды. Өйткені Аарон рейтингте 3-орында тұрған еді.
Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов бұған дейінгі жекпе-жегін Naiza FC 57 турнирінде өткізіп, америкалық спортшы Кливленд Маклинді төрешілердің шешімімен жеңген еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

