Алматыда полицей киімін киген азамат тұрғындарды тонаған
Бұрын сотты болған Тараздың 20 жастағы тұрғыны Алматы қаласында өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жаяу жүргіншілерді тонаған деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі МИА "Казинформ"-ға сілтеме жасап.

"Ш. есімді азамат бұрын ұрлық ісі бойынша сотты болған. Айыпталушы бұл жолы қылмыс әдісін аздап өзгерткен. Енді ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Қазір қылмыскер ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленіп, оның еркін нарықта сатып алғаны анықталды. Азамат Ш-ның іс-әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабы 3 бөліміне жатқызылды. Күдіктінің Алматы қаласы мен Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы тексерілуде", – деп хабарлады Медеу аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.
Қазіргі уақытта күдікті жасаған бес қылмыстық іс-әрекеттері анықталды.
Алматыда оқу ақысы 6 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен