“Жалған ақпарат таратқан”: Астанада журналист қамауға алынды
Елордалық полиция департаменті журналист Данияр Әділбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Kozachkov
Ведомстводан хабарланғандай, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін азамат "Ә"-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды", – деп түсіндірді елордалық полиция департаментінен.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, сот журналистке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Өзге мәлімет тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Еске салсақ Шымкентте патрульдік полиция командирі тұрғындарды бопсалағаны үшін ұсталған болатын.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"