Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалған 5 000 теңгелік банкноталар айналымда жүр: Ұлттық банк желіде тараған видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желіде жалған 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда жүргені туралы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Видео TikTok желісінде жарияланған. Видео авторы жалған ақшаны шын ақшадан айыру қиын екенін, тек банкнотаның бір бетіндегі “празднуем вместе” сөзінен ғана ажыратуға болатынын айтады. 

Ұлттық банк әлеуметтік желіде тараған видеоларға қатысты мәлімдеме жасады. 

“Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "Празднуем вместе!", "Не является платежным средством" деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады”, – делінген хабарламада. 

@zamira77624 27.11 #фальшивыеденьги #подделкаиоригинал #устькаменогорск ♬ оригинальный звук - Замира

Ұлттық банк қылмыстық кодекстің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. 

“Аталған жағдайлар бойынша Ұлттық банк олардың таралу фактісін тексеру үшін ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады. Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноталардың 2023 жылғы өзгертілген дизайндағы 5 000 теңгелік банкноталармен айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлімдеген еді. 

Талқылау