900 мың теңгеге дейін жетеді: Алматыда пәтер жалдау ақысы күрт өскені рас па
Қазақстанда азаматтар пәтер жалдау құнының шарықтап кеткенін айтып, шағымданған. Олар мұны Ресейде жартылай мобилизацияның жариялануы және шетелдіктердің көптеп келуімен байланыстырды. Алайда сарапшылар бағаның бірден өспегенін айтып, сендірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тұрғындар пәтер жалдау құнының бір күнде-ақ қымбаттағанын жарыса жазуда. Сөздерінше, бір бөлмелі пәтер жалдау бағасы қазір 400-900 мың теңгеге дейін жетеді.
Krisha.kz мәліметінше, 21-22 қыркүйек аралығында баға өзгерісі байқалмаған. Сарапшылар 22 қыркүйек бойынша жағдайдың тұрақты екенін айтады.
Жалға алу бойынша орташа баға келесідей:
- Алматы – шаршы метрі үшін 5 172 теңге;
- Астана – шаршы метрі үшін 3 500 теңге;
- Шымкент – шаршы метрі үшін 2 273 теңге.
Сарапшылардың пайымынша, қыркүйектен бастап пәтер жалдаудың орташа құны Алматыда 0,6%-ға көтерілсе, Астанада 1%-ға төмендеген.
"Тәулік бойынша баға тұрақты. Нарықтағы бағадан жоғары хабарламалар болған. Тексердік, дүрбелең жоқ. Бағаны жаппай өзгерту байқалмады", – деп мәлімдеді Krisha.kz сарапшылары.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар