Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақсы бала болмадың": Жігер Ауыпбаевпен жұмысын тоқтатқан Айдос Кәден жаңа продюсерін таныстырды

Жайлауда қой бағып жүріп, “Қойшы бала” болып танылған Айдос Кәден көпшілікке жаңа продюсерін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.tiktok.com/@aakbobek/video

Айта кетейік, әнші Жігер Ауыпбаев қойшы баламен араласпай кеткенін растап, “өтпелі кезеңде жүргеннен болар” деп топшылаған еді. 

“Әзірге ашып айтпай-ақ қояйын. Бәлкім уақытша нәрсе шығар деп ойлаймын.  Бірақ неге олай болғанын өзім де түсінбей қалдым. Себебі алда үлкен жоспарлар бар еді. 11-сыныпты бітіртіп, одан кейін оқуына дайындап жатқан едім. Өкінішке қарай, осылай болып тұр. Бала қазір өтпелі кезеңде жүр. Бәлкім өз қалпына келгеннен кейін оралар. Менің қанатымның астына өткеннен кейін үш айдан кейін өтпелі кезеңі басталды. Мінезі өзгере бастады”, – деген еді әнші. 



Осы сұхбаттан кейін, Айдос Кәден TikTok желісінде жаңа продюсерін халыққа көрсетіп, таныстырды. 

“Жігерден кеткеніме 3 ай болды. Енді міне менің жаңа продюсерім – Қанағат ағам”, – деп қысқа қайырды жас әнші. 

"Туысқан інім болғаннан кейін әрі қарай өзім қолыма алып, бірге жұмыс істейміз", – дейді Қанағат Меченбай. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, Жігер Ауыпбаевтың еңбегін жоғары бағалап жатыр. 

“Жігерден кетпегенің дұрыс еді”, “Қойшы кезінде ағасы араласып па?”, “Жігер болмағанда қой бағып жүрер едің”, “Аштықта жеген құйқаның дәмін ұмытпа”, “Мына баладан жақсы адам шықпайды”, “Мықты продюсер болса, ауылдан басқа баланы шығарып көрмей ме?”, “Ағаң біреудің еңбегіне ортақтасқандай болды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Жігер Ауыпбаев жұлдызын жаққан шәкірті Айдос Кәденмен араласпай кеткенін мойындаған еді.

@aakbobek

 

♬ оригинальный звук - Akbobek🌸
Талқылау